Jump to content

Wq/kk/Адам

From Wikimedia Incubator
< Wq | kk
Wq > kk > Адам

Адам — Жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы.

  • Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады. (Абай Құнанбайұлы)
  • Адамға — ақыл керек, іс керек, мінез керек. (Абай Құнанбайұлы)
  • Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес. (Абай Құнанбайұлы)
  • Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер-білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе, олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады. (Абай Құнанбайұлы)
  • Адамның басы бәлеге ұрынған кездегі ең жақсы қамал - адал достар. (Аристотель)
  • Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі. (Ахмет Байтұрсынов)
  • Адамның санасы қаншалықты төмен болса, ол мұрнын соншалықты аспанға шүйіреді. (Омар Хайям)
  • Адамдарды таныған сайын, өзімнің итімді қатты қадірлеймін. (Сократ)