Wq/kk/Ахмет Байтұрсынов
Appearance
А
[edit | edit source]- Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі.
- Алушы да, беруші де – өзіне жағымды жағын іздейді.
Ә
[edit | edit source]- Әркім өзі жақсы білетін нәрсесін сынауы керек.
Б
[edit | edit source]- Балам деген жұрт болмаса – жұртым дейтін бала қайдан шықсын!
- Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы.
- Біреу – жұмыс қылайын десем тұрған жерім жаман дейді,
біреу – маңайымдағы елім жаман дейді: бұлардың бәрі де – бос сөз!
- Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы!
Е
[edit | edit source]- Елде жоқ рух – ақын сөзіне қайдан келсін?!
Ж
[edit | edit source]- Жер мәселесі – қазақтың тірі я өлі болуының мәселесі.
- Жұрт керегін білетіндер – көп, істейтіндер – аз.
З
[edit | edit source]- Замана сипаты: білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билер заман.
К
[edit | edit source]- Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі.
- Күнелту үшін – ас керек, ас істеуге – күш керек, күшті жұмсауға – ес керек.
- Кейбір істерді істеу керек бола тұра істеуге болмайды.
М
[edit | edit source]- Мұғалімі қандай болса – мектебі де сондай болмақ.
- Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі.
- Мектептің жаны – мұғалім.
- Мақал – тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылатын сөз.
Ө
[edit | edit source]- Өткенді қуғанды қойып – осы күйіңді жөндеуге жөн іздеу керек.
С
[edit | edit source]- Сөздің ең ұлысы – тарих.
Т
[edit | edit source]- Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.
- Талап – жоқ, үміт – мол бір халықпыз. ==Ш==
- Шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме – бәрі де тарихтың жемі есебіндегі нәрселер.