Wq/kk/Абай Құнанбайұлы
Appearance
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (10 тамыз 1845 жыл – 6 шілде 1904 жыл) — ұстаз, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер.
А
[edit | edit source]- Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады.
- Адамға — ақыл керек, іс керек, мінез керек.
- Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.
- Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер-білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе, олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады.
Б
[edit | edit source]- Бейтаныс кісі бітеу жаңғақ.
Бүгінгі дос ертең жау.
Ғ
[edit | edit source]- Ғашықтың тілі - тілсіз тіл, көзбен көр де ішпен біл.
Е
[edit | edit source]- Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады.
Ж
[edit | edit source]- Жастықта көкірек зор, уайым жоқ
Ө
[edit | edit source]- Өзімшілдік — адамды бұзатын пиғыл.
С
[edit | edit source]- Сөзіне қарай кісі ал, кісіге қарап сөз алма
Ү
[edit | edit source]- Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.