Jump to content

Wq/kk/Аристотель

From Wikimedia Incubator
< Wq | kk
Wq > kk > Аристотель

Аристотель (көне грекше: Ἀριστοτέλης; б. з. б. 384 ж., Стагира (Орталық Македония), Колхида түбегі — б.з.б. 322 ж. 7 наурыз, Халкида, Эвбея аралы) — ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (Ұлы Ескендір) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие.

  • Адамның басы бәлеге ұрынған кездегі ең жақсы қамал - адал достар.
  • Адамның түсініктерін қалыпстастыратын - мемлекеттің құрылу формасы.
  • Ақыл тек білімде ғана емес, білімді іс жүзінде қолдана білуде...
  • Бақытты сырттан емес, жүрегіңнен таба біл.
  • Барлық адаммен дос адам, ешкімнің досы емес
  • Басымыздағы нығметтердің қызығы оны достарымызбен бөліскенде арта түседі.
  • Достық - бұл екі денеде өмір сүретін бір жан
  • Достық — өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке ие бола тұрса да, дос-жарансыз өмірді қаламақ емес.
  • Ерлік - аяулы қасиет, соның арқасында адамдар қауіп-қатер үстінде тамаша істер істейді.
  • Қанағаты бар адамға бақыт бұйырған.
  • Маған достық та, шындық та қымбат. Дегенмен әрқашан шындықты бірінші орынға қоямын.
  • Өзіміз қандай қарым-қатынасты қаласақ, достарымызға да дәл сондай қарым-қатынаста болайық.
  • Өмір қимылды талап етеді.
  • Өмірдің мәні не? Айналаңа қызмет етіп, көмек көрсету.
  • Платон менің досым, бірақ шындық қымбатырақ