Wq/kk/Уақыт туралы мақал-мәтелдер

From Wikimedia Incubator
< Wq‎ | kk
Wq > kk > Уақыт туралы мақал-мәтелдер

Төменде уақыт, заман туралы қазақтың мақал-мәтелдері берілген.


  • Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.
  • Елу жылда ел жаңа.
  • Адамды заманы билейді.
  • Уақыт керуеніне бөгет жоқ.
  • Жасы бір құрдас емес, заманы бір құрдас.
  • Заманына қарай заңы, тоғайына қарай аңы.
  • Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені.
  • Жан жарасына уақыт емші.