Wq/kk/Наполеон I Бонапарт
Appearance
Наполеон I Бонапарт (фр. Napoléon Bonaparte [napɔleɔ̃ bɔnapaʁt], итал. Napoleone Buonaparte, Корсика диалекті — Napulione Buonaparte; 17 тамыз 1769, Аяччо, Корсика — 5 мамыр 1821, Әулие Елена аралы) — француз мемлекеттік, саяси және әскери қайраткері; 1804—1814 және 1815 жылдардағы Француз императоры (фр. Empereur des Français), француз мемлекетінің негізін құрған саясаткер, Батыс әлеміндегі ең ықпалды тұлғалардың бірі.
Наполеон Бонапарттың қанатты сөздері
[edit | edit source]А
[edit | edit source]- Адамға билік бер, сосын оның кім екенін білесің.
- Аз қателік жіберген адам ғана ұлы қолбасшы бола алады.
- Алдымен үлкен шайқасқа еніп алу керек, сосын барлығы айқындала түседі.
- Арыстан бастаған қойлар тобы қой бастаған арыстандар тобын қашан да жеңе алады.
Ә
[edit | edit source]- Әлемде екі құдіретті күш бар: қылыш пен рух. Соңыра, рух қылышты жеңуі тиіс.
- Әскери өнердің құпиясы керек уақытта керек жерде жауыңнан мықты болуда болып табылады.
Б
[edit | edit source]- Байлық – қазынаны иемденуде емес, оны дұрыс игеруде.
- Бір нашар қолбасшы жақсы екеуінен де артық.
- Бір опасыз бухгалтер бір армиядан да қауіпті.
- Бір-бірін алты айдан кем білетін жұпқа үйленуге рұқсат бермеу керек.
- Біреудің ақымақтығы бізді ақылды етпейді.
Г
[edit | edit source]- Генерал сіз менен ұзын екенсіз. Егер артық әңгімеңіз көбейсе, мен балансты теңгере аламын
- География – бұл тағдыр.
Д
[edit | edit source]- Дінсіз қоғам компасы жоқ кемемен тең.
Е
[edit | edit source]- Егер қас жауың қателікке ұрынса, оған кедергі болмау керек. Бұл айбындылыққа жатпайды.
- Егер менің армиямның құрамында казактар болғанда, мен бүкіл әлемді жаулап алар едім.
- Ерлер төрт, ал әйелдер алты сағат ұйықтауы керек. Одан артық тек балалар мен пессимистер ғана ұйықтайды.
Ж
[edit | edit source]- Журналист – бұл қаламмен еңбектенетін көше сыпырушысы.
К
[edit | edit source]- Кеңес беруші емес, соғысты өз міндетіне алушы жеңіс тұғырына жетеді.
- Конституциядағы заңнамаларға толықтырулар енгіземіз: «Қысқа және түсініксіз жазыңдар».
- Көп сөйлейтін адам көпті де жасай алады.
Қ
[edit | edit source]- Қоғамның әйелдер секілді бір ғана құқығы бар: ол басқарылуға бейім болу.
М
[edit | edit source]- Мен кейде түлкі, кейде арыстан кейпінде боламын. Маңыздысы қай кезде қай кейіпке ене білуде.
- Мен – француз төңкерісімін.
- Мені жаман хабар келсе ғана оятыңдар, ал жақсы хабар болса – жоқ.
- Менің шынайы жетістігім 40 шайқасты жеңіп шыққанымда емес (Ватерлоо қақтығысын қоспағанда), өз азаматтық борышымды орындағанымда.
- Мүмкін емес – бұл ақымақтардың сөздігінде қолданылатын сөз.
- «Мүмкін емес» - бұл французша сөз емес.
О
[edit | edit source]- Орыстар «жеңілмес» деген атауға лайық ұлт.
- Орыстарға шабуылдасаңыз, татарларға тап боласыз.
- Отанға деген сүйіспеншілік – өркендеген адам баласының бірінші артықшылығы.
Ө
[edit | edit source]- Өз әскерін қамдандырғысы келмейтін халық, жуырда өзге біреудің әскерін тамақтандырады.
Р
[edit | edit source]- Ресейде жол жоқ, тек бағыт қана бар.
С
[edit | edit source]- Саяси қайраткердің жүрегі басында болуы керек.
- Сен менен биік емессің, сен менен ұзынсың.
- Соғыс өнері – бұл жоспарланған және ескерілген тәсілдердің орындалуы.
- Соңғы сөз әрқашан ортақ пікірге ұласуы керек.
- Сұлу қыз көзге ұнаса, мейірімді қыз жүрекке. Бірі қымбат зат болса, екіншісі баға жетпес қазына.
- Сіз өз достарыңыздың қандай екенін білгіңіз келе ме? Ол үшін бақытсыздыққа ұшыраудың өзі жетіп жатыр.
- Сізбен келіспейтінтерден емес, сізбен келіспей, бірақ айтуға батылы бармайтындардан қорқу керек.
Т
[edit | edit source]- Тақ – жәй ғана өрнектелген орындық.
- Төменге түсіп бара жатқанда емес, жоғарыға жүріп бара жатқан кезде аялдауға болады.
- Түріктерді өлтіруге болады, бірақ жеңу мүмкін емес.
У
[edit | edit source]- Уәдені орындаудың ең дұрыс жолы – уәдені бермеу.