Wq/kk/Мұхтар Әуезов
Appearance
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).
А
[edit | edit source]- Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны – елдік.
- Адам көркі – ақыл.
- Адам ірілігі бір сипат емес, ішкі-тысқы сан сипат қасиеттерінен құралады.
- Адам баласының жасан құлқы жаратылысынан емес, өскен ортасында көрген үлгі-өнегесінен.
- Адамшылықты тез жүргізу үшін көп ой керек, ойлау үшін оқу керек.
- Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза.
- Амал: кіжіну бар, килігу жоқ.
- Аузымен айды алып, қолымен қосаяқ соға алмайтын жандар бар.
Ә
[edit | edit source]- Әділет тілесе – атаңның болсын айыбын айт.
Б
[edit | edit source]- Бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді.
- Білім – бақтың жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы.
- Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле.
- Бас асауға – жез ноқта.
Е
[edit | edit source]- Еңбек шыққан жерден төзім де шығады.
Ж
[edit | edit source]- Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады.
- Жігіт қадірі өнерімен өлшенер.
- Жалған намыс – қасиет емес, ар сақтаған – қасиет.
- Жауға – жалынба, досқа – тарылма.
К
[edit | edit source]- Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.
- Көген көз қазағыма қаратып, мінбе құрып, сол мінбеге шығарып:“Ақырғы діліңізді айтыңызшы, Мұхтар!” – десе, тілімнің ұшында жүрген сөз төмендегіше: тас үгітіліп құмға айналады,темір тозады, ұрпақ озады, дүниеде өлмейтін сөз ғана, халқымызбен бірге жасасып келе жатқан мұра сөзімізді арзандатып алмайық.
- Көбікті толқын санама.
- Кісінің бір ғайыбын маған айтқан адам – менің жүз ғайыбымды кісіге айтар.
Қ
[edit | edit source]- Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң – тәртіп керек.
- Қызғаныш – құрт ауруы, мыс қазанда қайнайтын азап оты.
- Қол жетпес шыңыраудағы су болғанша, пайдасы көпке тиетін жайдақ су болған жақсы.
- Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпас болар.
М
[edit | edit source]- Маңына ұрық шашпаған жақсылық, жапанда жалғыз өскен бәйтерекше тұл болады да қалады.
О
[edit | edit source]- Ой да көп, уайым да көп – ойлай берсең, Ой да жоқ, уайым да жоқ – ойнай берсең.
Ө
[edit | edit source]- Өнерпаз болсаң, өр бол.
С
[edit | edit source]- Сын – шын болсын, шын сын болсын.
Т
[edit | edit source]- Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана – шын мәнінде қымбат табыс.
- Тумай жатып – толдым деме, толмай жатып – болдым деме.
- Тамыр болдың – айтыс жоқ, Қолдан бердің – қайтыс жоқ.
Ұ
[edit | edit source]- Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?!
Х
[edit | edit source]- Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім.
І
[edit | edit source]- Іздессең – табарсың, алыссаң – аларсың.