Wq/kk/Бауыржан Момышұлы
Appearance
- Отаның үшін күрес — ерге тиген үлес.
- Отан үшін отқа түс — күймейсің.
- Өз ұлтын сүю — өзге ұлтты жек көру емес.
- Жігіттің жігіттігін жау келгенде сына.
- Батылдық тәуекел мен ақылдың есебінен шығады. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекел ешкімді де ақтай алмайды.
- Бір жаралыға жәрдем беріп, оны аман алып қалған жауынгер — он ұл тапқан анадан артық.
- Солдаттың аяғы ауырса, командирдің балтыры сыздайды.
- Устав — ұрыстар тәжірибесінің жинақталған қаймағы.
- Ұрыс бетпердені, өтірікті, жалған батылдықты жұлып тастайды.
- Шындық — бұл ерлікке тәрбиелеудегі ең бір құнарлы құрал.
- Тәртіпсіз — ер болмайды, тәртіпке бас иген — құл болмайды.
- Еңбек етпей, шаршамай демалған да азап қой.
- Ер бақыты — ел қолында,
Ел бақыты — ерлер қолында. - Жерге теріңді төксең, жеміске кенелесің,
Халық үшін қаныңды төксең, жеңіске кенелесің. - Айбындана шапқаннан ажал да сескенеді.
- Ерлік істелмесе — ешкім де қалам тербемейді.
- Сен жаудан қашсаң — өмір сенен қашады.
- Бақаның бағынан сұңқардың соры артық.
- Жақпасаң да жағымпаз болма.
- Үмітін жоғалтқан жан — ешқашан үміттеніп көрмеген жан.
- Ар — жақсылық пен зұлымдықты, шындық пен жалғандықты, әділдік пен әділетсіздікті және басқаларды анықтайтын адамгершілік ұғымы.
- Өз кітаптарым — өз балаларым. Мен оларды бар жетістік, кемшіліктерімен қоса сүйемін. Олардың да Отаныма адал қызмет етуін қалаймын.
Дереккөз
[edit | edit source]Бауыржан Момышұлы. Өсиет сөздер. — Алматы: «Өнер», 2012.