Wq/kk/Ана туралы жыр
Appearance
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған Даланың әр гүлін жинадың сен маған Сен бердің құстардың қанатын самғаған Балалық құштарын өзіңе арнаған
Әлдилеп аялап өсірген жемісің Самал жел сая бақ құшағың мен үшін Есейіп кетсем де мен саған сәбимін Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын
Ете гөр қанағат әзірге берерің Балалық махаббат балалық жүрегің Бол риза анажан қолдағы осы бар Өіңе арналады әнімді қосып ал
Өтеуге борышым қанатын жар сырым Іздедім сен үшін әлемнің асылын Әлемнің байлығын сыйлар едім кеш мені Сыйлар едім ай күнін қолыма тимеді