Wq/kk/Адам туралы мақал-мәтелдер

From Wikimedia Incubator
< Wq‎ | kk
Wq > kk > Адам туралы мақал-мәтелдер

Төменде адам туралы қазақтың мақал-мәтелдері берілген.

  • Адам деген ардақты ат
  • Адам аласы ішінде, Мал аласы сыртында.
  • Адам тастай берік, Гүлдей нәзік
  • Адам болып туған соң, Адам болып өлу тағзым.
  • Адам көркі шүберек, Ағаш көркі жапырақ
  • Адам қатесіз болмас, Көл бақасыз болмас
  • Адамның күні адаммен
  • Атанның баласы болма, Адамның баласы бол
  • Еңбек — адамның көркі, Адам заманның көркі.