Wq/kk/Қазақ мақал-мәтелдері
Адам туралы[edit | edit source]
А[edit | edit source]
- Адам деген ардақты ат.
- Адамдықтан үлкен ат жоқ, наннан үлкен ас жоқ.
Туған ел туралы[edit | edit source]
А[edit | edit source]
- Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды.
- Ат айналып қазығын табар, ел айналып елін табар.
- Ат үйірін сағынса, артқы аяғын қағынар.
- Ер үйірін сағынса, айыл-тұман тағынар.
Ә[edit | edit source]
- Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары.
Б[edit | edit source]
- Бақа көлін сүйеді, бұлдырық шөлін сүйеді, ер жігіт елін сүйеді.
- Бақа көлінде патша, балық суында патша, жігіт елінде патша.
Е[edit | edit source]
- Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы.
- Ел іші – алтын бесік.
- Елін сүйгеннің еңсесі биік.
- Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас.
- Ер – еліңде, гүл – жеріңде.
- Ер жігіт – елінің ұлы, намысының құлы.
- Есі бар жігіт елін табар, есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.
- Есі бүтін елден шықпайды, елінің қырын жықпайды.
- Есің барда елің тап.
Ж[edit | edit source]
- Жат елдің жақсысы болғанша, өз еліңнің сақшысы бол.
- Жекен жерінде көгерер, ер елінде көгерер.
- Жер – алған ер, жер сатқан – қара жер.
И[edit | edit source]
- Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.
К[edit | edit source]
- Кісі елінде күркірегенше, өз жеріңде дүркіре.
Қ[edit | edit source]
- Қараған өз жерінде гүрілдер.
- Құлан қағын қорғайды, киік лағын қорғайды.
- Құлан өз қағынан өзі жерімес.
М[edit | edit source]
- Мал қонысын іздейді, ер жігіт туысын іздейді.
О[edit | edit source]
- Опасызда Отан жоқ.
- Отан үшін – ерге тиген үлес.
- Отанға опасыздық еткенің - өз түбіңе өзің жеткенің.
- Отанды сүю – отбасынан басталады.
- Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
- Отансыздың оты жанбайды.
- Отанын сүйген отқа жанбайды, суға батпайды.
Ө[edit | edit source]
- Өз елім - өлең төсегім.
- Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын.
П[edit | edit source]
- Пәлен жерде алтын бар, барсаң, бақыр да жоқ.
- Пәлен жерден пайда бар, өз еліңдей қайда бар?!
Жақсы жігіт жер шолып, ақыр түбі айналар.
С[edit | edit source]
- Сағынған елін аңсайды, сары ала қаз көлін аңсайды.
- Сары ала қаз көлін аңсайды,
Ер жігіт елін аңсайды.
- Сұңқар қиясын сағынады, торғай ұясын сағынады.
Т[edit | edit source]
- Туған елің болмаса, тумай-ақ қойсын Күн мен Ай.
- Туған жерге туың тік.
- Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
- Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
- Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің.
- Туған жердің торғайы да сүйкімді.
- Туған жердің торғайы тұрымтайдай көрінер.
Құлыны тайдай көрінер, қыздары айдай көрінер.
- Туған жердің түтіні де тәтті.
- Туған үйдің түтіні жылы, тұған ананың күтімі жылы.
- Тұғырына саңғыған сұңқар оңбас, үйірінен қаңғыған тұлпар оңбас.
Ұ[edit | edit source]
- Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да, туып-өскен ел қымбат.
Ш[edit | edit source]
- Шетте жүрсең тарығарсың, өз еліңді сағынарсың.
І[edit | edit source]
- Іргесі берік елді жау ала алмас.
Ауызы бір елді дау ала алмас.
Халық туралы[edit | edit source]
А[edit | edit source]
- Аздың азаншысы болғанша, көптің қазаншысы бол.
- Айна айна емес, халық айна
Б[edit | edit source]
- Берекені көктен тілеме, Бірлігі мол көптен тіле.
- Бестің басы болғанша, алтының аяғы бол
Е[edit | edit source]
- Ел артындағы шаң жұтады, Ел алдындағы май жұтады.
- Ел құлағы елу
- Елге дұшпан жерге сыймас, Жерге дұшпан елге сыймас.
- Елде түлкі аштан өлмес.
- Елден безген көмусіз қалар.
- Елді сыйлағанын өзіңді сыйлағанын.