Wq/kk/Шәкәрім Құдайбердіұлы

From Wikimedia Incubator
< Wq‎ | kk
Wq > kk > Шәкәрім Құдайбердіұлы

Шәкәрім Құдайбердіұлы (11 шілде (23 шілде) 1858 — 2 қазан 1931) — ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары.

  • Арыстан көрнеу келеді. Қарақұрт пен шаян жасырынып шақса да, уыты аса зиянды.
  • Бас көзі жұмылады, көңіл көзі жұмылмайды.
  •  Бәріне қанағат қыл да, адал еңбек қыл.
  • Жоқтық егіндігіне бір бидай еге алмасаң, барлық қырманынан жалғыз арпа да ала алмассың!
  • Мен тарыдай жақсылық қылсам, таудай зұлымдығымды жасырғалы қылам. Сөйтіп жүріп, адам атануға ұялмаймын.