Wq/kk/Сократ

From Wikimedia Incubator
< Wq‎ | kk
Wq > kk > Сократ

Сократ (көне грекше: Σωκράτης, лат. Socrates, б.з.д. 470 – б.з.д. 399) — Батыс философиясының негізін қалаушы ежелгі грек философтарының бірі.

  • Адамдарды таныған сайын, өзімнің итімді қатты қадірлеймін.
  • Ақшасы жоқ адам кедей емес, арманы жоқ адам кедей.
  • Асқа ең жақсы дәмдеуіш - аш қарын.
  • Астың тұздығы — аштық.
  • Әрбір адам күн сияқты, тек оған жарқырауға мүмкіндік беру керек.
  • Ең кедей адам үйі, жанұясы, ақшасы жоқ адам емес, арманы жоқ адам
  • Қалаған адам - амал табады, қаламаған - себеп табады.
  • Мен көп нәрсені білмейтінімді білемін, алайда басқалар мұны да білмейді.
  • Мен өмір сүру үшін тамақтанамын, ал кейбіреулер тамақтану үшін өмір сүреді.
  • Сөз сүйектен өтпесе, таяқ та көмектеспейді.
  • Тек бір ғана жақсылық бар ол - білім, тек бір ғана жамандық бар ол - надандық.