Wq/kk/Наполеон I Бонапарт

From Wikimedia Incubator
< Wq‎ | kk
Wq > kk > Наполеон I Бонапарт

Наполеон I Бонапарт (фр. Napoléon Bonaparte [napɔleɔ̃ bɔnapaʁt], итал. Napoleone Buonaparte, Корсика диалекті — Napulione Buonaparte; 17 тамыз 1769, Аяччо, Корсика — 5 мамыр 1821, Әулие Елена аралы) — француз мемлекеттік, саяси және әскери қайраткері; 1804—1814 және 1815 жылдардағы Француз императоры (фр. Empereur des Français), француз мемлекетінің негізін құрған саясаткер, Батыс әлеміндегі ең ықпалды тұлғалардың бірі.

Наполеон Бонапарттың қанатты сөздері[edit | edit source]

А[edit | edit source]

  • Адамға билік бер, сосын оның кім екенін білесің.
  • Аз қателік жіберген адам ғана ұлы қолбасшы бола алады.
  • Алдымен үлкен шайқасқа еніп алу керек, сосын барлығы айқындала түседі.
  • Арыстан бастаған қойлар тобы қой бастаған арыстандар тобын қашан да жеңе алады.

Ә[edit | edit source]

  • Әлемде екі құдіретті күш бар: қылыш пен рух. Соңыра, рух қылышты жеңуі тиіс.
  • Әскери өнердің құпиясы керек уақытта керек жерде жауыңнан мықты болуда болып табылады.

Б[edit | edit source]

  • Байлық – қазынаны иемденуде емес, оны дұрыс игеруде.
  • Бір нашар қолбасшы жақсы екеуінен де артық.
  • Бір опасыз бухгалтер бір армиядан да қауіпті.
  • Бір-бірін алты айдан кем білетін жұпқа үйленуге рұқсат бермеу керек.
  • Біреудің ақымақтығы бізді ақылды етпейді.

Г[edit | edit source]

  • Генерал сіз менен ұзын екенсіз. Егер артық әңгімеңіз көбейсе, мен балансты теңгере аламын
  • География – бұл тағдыр.

Д[edit | edit source]

  • Дінсіз қоғам компасы жоқ кемемен тең.

Е[edit | edit source]

  • Егер қас жауың қателікке ұрынса, оған кедергі болмау керек. Бұл айбындылыққа жатпайды.
  • Егер менің армиямның құрамында казактар болғанда, мен бүкіл әлемді жаулап алар едім.
  • Ерлер төрт, ал әйелдер алты сағат ұйықтауы керек. Одан артық тек балалар мен пессимистер ғана ұйықтайды.

Ж[edit | edit source]

  • Журналист – бұл қаламмен еңбектенетін көше сыпырушысы.

К[edit | edit source]

  • Кеңес беруші емес, соғысты өз міндетіне алушы жеңіс тұғырына жетеді.
  • Конституциядағы заңнамаларға толықтырулар енгіземіз: «Қысқа және түсініксіз жазыңдар».
  • Көп сөйлейтін адам көпті де жасай алады.

Қ[edit | edit source]

  • Қоғамның әйелдер секілді бір ғана құқығы бар: ол басқарылуға бейім болу.

М[edit | edit source]

  • Мен кейде түлкі, кейде арыстан кейпінде боламын. Маңыздысы қай кезде қай кейіпке ене білуде.
  • Мен – француз төңкерісімін.
  • Мені жаман хабар келсе ғана оятыңдар, ал жақсы хабар болса – жоқ.
  • Менің шынайы жетістігім 40 шайқасты жеңіп шыққанымда емес (Ватерлоо қақтығысын қоспағанда), өз азаматтық борышымды орындағанымда.
  • Мүмкін емес – бұл ақымақтардың сөздігінде қолданылатын сөз.
  • «Мүмкін емес» - бұл французша сөз емес.

О[edit | edit source]

  • Орыстар «жеңілмес» деген атауға лайық ұлт.
  • Орыстарға шабуылдасаңыз, татарларға тап боласыз.
  • Отанға деген сүйіспеншілік – өркендеген адам баласының бірінші артықшылығы.

Ө[edit | edit source]

  • Өз әскерін қамдандырғысы келмейтін халық, жуырда өзге біреудің әскерін тамақтандырады.

Р[edit | edit source]

  • Ресейде жол жоқ, тек бағыт қана бар.

С[edit | edit source]

  • Саяси қайраткердің жүрегі басында болуы керек.
  • Сен менен биік емессің, сен менен ұзынсың.
  • Соғыс өнері – бұл жоспарланған және ескерілген тәсілдердің орындалуы.
  • Соңғы сөз әрқашан ортақ пікірге ұласуы керек.
  • Сұлу қыз көзге ұнаса, мейірімді қыз жүрекке. Бірі қымбат зат болса, екіншісі баға жетпес қазына.
  • Сіз өз достарыңыздың қандай екенін білгіңіз келе ме? Ол үшін бақытсыздыққа ұшыраудың өзі жетіп жатыр.
  • Сізбен келіспейтінтерден емес, сізбен келіспей, бірақ айтуға батылы бармайтындардан қорқу керек.

Т[edit | edit source]

  • Тақ – жәй ғана өрнектелген орындық.
  • Төменге түсіп бара жатқанда емес, жоғарыға жүріп бара жатқан кезде аялдауға болады.
  • Түріктерді өлтіруге болады, бірақ жеңу мүмкін емес.

У[edit | edit source]

  • Уәдені орындаудың ең дұрыс жолы – уәдені бермеу.