Wq/kk/Ағылшын мақал-мәтелдері

From Wikimedia Incubator
< Wq‎ | kk
Wq > kk > Ағылшын мақал-мәтелдері

Төменде ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдер және оның қазақша аудармалары берілген.[1]

  • A bird in the hand is worth two in the bush.
аудармасы: Қолдағы құс бұтадағы екі құстай.
  • A good medicine tastes bitter.
аудармасы: Шипалы дәрі ащы болады
қазақша баламасы: Дос жылатып айтады
  • A little learning is dangerous things.
аудармасы: Аз үйрену қауіпті іс
қазақша баламасы: Үйрен де жирен
  • A watched pot never boils.
аудармасы: Қазанның қайнауын күтсең қайнамайды.
  • All talk no action, Action speak louder than words.
аудармасы: Сөйлегеннен іс орындалмайды, Іс-әрекет сөзден қаттырақ сөйлейді.
қазақша баламасы: Көп сөз көмір, аз сөз алтын
  • Better late, than never
аудармасы: Ештен кеш жақсы
  • Custom is a second nature
аудармасы: Ауру қалса да, әдет қалмайды.
  • Don’t count your chickens before they are hatched.
аудармасы: Балапанды күзде санайды
  • Don’t look a gift horse in the mouth.
аудармасы: Орамал тон болмайды, жол болады.
  • East or west, home is best
аудармасы: Туған елдей ел болмас
  • Easy come easy go
аудармасы: Тез келген бақ тез кетеді
  • First think then speak.
аудармасы: Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

Сыртқы сілтемелер[edit | edit source]

  1. https://bilim-all.kz/article/6120