Wq/kk/Қорқыт ата
Appearance
Қорқыт Ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі.
А
[edit | edit source]- Адам өмірі - қамшының сабындай ғана қысқа екен,
Досы көп, ұрпақ тәрбилеген ұтады екен.
- Адам баласы керуен сияқты: тоқтады, көшті де кетті.
- Ат жемейтін ащы шөптің шыққанынан шықпағаны игі,
Адам ішпес ащы судың аққанынан ақпағаны игі, Атасының атын шығармаған жігерсіз ұлдың – туғанынан тумағаны игі.
- Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, Атадан өнеге алмаған ұл жаман.
- Ата даңқын шығарып,өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді.
Б
[edit | edit source]- Бас аман болса бөрік табылады.
Д
[edit | edit source]- Дәулетті ұл – ошақтың қоры,
Дәулетсіз ұл – атаның соры.
Е
[edit | edit source]- Ескі киімнің биті ащы,
Жетім баланың тілі ащы.
К
[edit | edit source]- Көк шүйгінін киік білер.
- Көп қорқытады, терең батырады.
Қ
[edit | edit source]- Қыз ақылды ескермес - ана үлгісін көрмесе,
Ұл жарлықап ас бермес - әке үлгісін көрмесе.
- Қанша қалың жауғанмен,
Қар көктемде қалмайды. Гүл жайнаған қалың да, Қара күзге қалмайды.
- Құстың қонар жерін су білер,
Малдың барар жерін ну білер.
- Қанша байлық жисаң да – бұйырғаннан артық жей алмайсың.
- Қара есектің басына жүген таққанмен-тұлпар болмас.
Күңге сары пәй шапан жапқанмен-бәйбіше болмас.
Ө
[edit | edit source]- Өткен күн, кеше - тарих,
Келер күн, ертең - сыр, Ал бүгінгі күн - үлкен сый.
- Өлгендер қайтып келмейді,
Шыққан жан қайтып енбейді.
- Өтірік сөз - өрге баспайды
С
[edit | edit source]- Сауыттың қасиеті – қылышпен ұрғанда, Аттың қасиеті – жаудан алып шыққанда көрінер.
Т
[edit | edit source]- Топырақ тау болмайды.
- Тебегеннің таңын сүзеген айырады.
- Түбі жат бала туғандай болмас: ішер, жер, киер де кетер, бірақ «көрдім» демес.
- Тәкәппарлықты тәңірі де сүймес.
Ұ
[edit | edit source]- Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса,
Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса.
- Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе,
Қыз жарытып ас бермес – ана үлгісін көрмесе.